ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар техникалық мектебінің әуе-кеме үлгілеуі бойынша 3 жүлделі орын
21-09-2020 14:38
Павлодар техникалық мектебінің әуе-кеме үлгілеуі бойынша 3 жүлделі орын

2020 жылғы 14 - 17 қыркүйек аралығында ҚР БҒМ қосымша білім беру республикалық оқу-әдістемелік орталығының техникалық шығармашылық және өнертапқыштық республикалық жарысының қорытындысы шығарылды. Павлодар облысының командасы құрамында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің балалар техникалық мектебінің 11 тәрбиеленушісі көлік және кеме үлгілеуден 3 жүлделі орынға ие болды.

Техникалық әуе үлгілеуде «Кордованың жартылай көшірмесінде» I орын және «F-2-В» бойынша III орынды № 9 ЖОМ 9 сынып оқушысы Троян Леонид иеленді.

«F-4-B» кеме үлгілеу бойынша III орынды № 17 ЖОМ 5 сынып оқушысы Кайстра Михаил иеленді.

Леонид былай: «Мен әуе үлгілеумен 6-шы жыл айналысамын. Осы кезеңде көптеген жыл сайын өткізілетін жарыстар мен спорттық-техникалық көрмелерде жеңімпаз атандым. 2018, 2019 жылдары Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында әуе және ракето үлгілеу спорты бойынша «F-4-B» моделі бойынша I орын, «F-2-A» моделі бойынша ІІІ орын. Мен «Гладиатор» ұшағының модель-көшірмесін облыстық конкурста, «Кордовая полукопия» әуе үлгілеу бойынша республикалық «Ұлы өнер табыстарға алғашқы қадам» конкурсында ұсындым. Маған әуе үлгілеу өте ұнайды, өмір бойы ослай болады деп ойлаймын, ал болашақта менің әуестігім мамандық таңдауға әсер етуі мүмкін» дейді. «Әуе үлгілеу» үйірмесінің жетекшісі техникалық мектептің педагогы, авиа үлгілеу спорты бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері, әуе үлгілеу спорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық төрешісі Соц Сергей Федорович болып табылады.

Кайстра Михаил кеме үлгілеу үйірмесімен 4 жыл айналысады, қалалық және облыстық жарыстардың тұрақты қатысушысы. Облыстық жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында «Сторожевой катер» атты ұсынылған моделі үшін қарапайым түрлер әуе-, кеме-, көлік үлгілеу бойынша облыстық жарыстарда I орын алды (2019 жыл). Бала кезінен техникалық шығармашылықпен айналысады және болашақта техникалық бағытқа байланысты мамандық таңдауды жоспарлайды. «Кеме үлгілеу» үйірмесінің жетекшісі техникалық мектептің педагогы, кеме жасау спорты бойынша Қазақстанның тұрақты төрешісі Руслан Борисович Ильясов болып табылады.

Жарыстардың тікелей эфирі интернет платформасында http://webinar.ziyatker.org және әлеуметтік желілерде көрсетілді.