ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Болгариядағы балалар бейнелеу өнерінің халықаралық көрмесінің жеңімпаздары
23-09-2020 11:36
Болгариядағы балалар бейнелеу өнерінің халықаралық көрмесінің жеңімпаздары

Шығармашылық әлеуеттіашу, дарынды балаларды қолдау мақсатында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің ұстаздары олардың әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысуына барынша ықпал етеді. 2020 жылдың маусым айында көркемсурет мектебінің 27 тәрбиеленушісінің жұмыстары Болгарияның Нова Загора қаласында өтіп жатқан «Нова Загора - 2020» бейнелеу шығармашылығының халықаралық жастар көрмесіне ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша қыркүйек айында мектептің 2 оқушысы жеңімпаз атанды: 7 жастағы Полина Ващенко «Әтеш және балапандар», 6 жастағы Валерия Булавчик «Қар достарым» суретімен. «Қазіргі уақытта жаңа көркем материалдар мен техникаларды кішкентай суретшілер үлкен құлшыныспен пайдаланып жатыр. Балалар-үлкен қиялшылар. Әр жолы олардың суреттерінде өзінің пәктігімен, риясыздығымен және мейірімділігімен, әсерлі шынайылығымен таңдандыратын жаңа ғажайып әлем дүниеге келеді. Ересектер үшін олардың жұмысына қарап, бір сәтте балалық шағындағыдай сезіну қаншалықты жағымды. Біздің қатысушылардың жұмыстарындағы шынайылық және сурет салу шеберлігі көрменің қазылар алқасын жаулап алды», - дейді мектеп мұғалімі Лариса Алексеевна Кузнецова. Қыздар осы көрмеде жеңіске жеткені үшін дипломдармен марапатталды.

Полина мектебімізде 5 жасынан бастап білім алуда, оның халықаралық байқауларға  алғаш рет қатысуы. Гуашь пен орындаған суретінде,  ол ауылдағы әжесінің құс ауласын бейнелеген. Валерия өзінің суретін акварель және гель қаламдармен орындады, мектебімізде 5 жасынан бастап білімін жалғастырып келеді. Осы кезеңде ол көп нәрсені үйренді, басқа жарыстарға да қатысып жүрді, бұл марапатқа алғашқы рет иеленді.