ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас суретшілердің үш жүлделі марапаты
25-09-2020 09:49
Жас суретшілердің үш жүлделі марапаты

«Бояулар құпиясы» Республикалық байқауының облыстық турына облыстың жалпы білім беретін, көркемсурет және өнер мектептерінің 47, оның ішінде Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 10 оқушысы қатысты. Байқауды Облыстық білім басқармасы қашықтық форматында өткізді. Қатысушылар 2 бағыт бойынша жарысты: «Көрме» және «Байқау».

Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар көркемсурет мектебінің 2 оқушысы I орынды иеленді: «Байқау» бағытында «Сүйікті кітабының иллюстрациясы» номинациясы бойынша Абай Құнанбаевтың «Жаз» өлеңіне «Иллюстрация» сурет үшін 13 жастағы Настя Пичахчи, жетекшісі Светлана Евгеньевна Рейн. Ол өз жұмысын акварель бояуы және гельдік қаламмен графика техникасында орындады. Және «Коллаж» номинациясында «Баянауыл» суреті үшін Абылкасимов Абылайхан, 14 жаста, жетекшісі Татьяна Васильевна Ахметжанова иеленді. Ол суретті жасау үшін қағаз және картонмен аралас техниканы қолданылды.

«Бояулар құпиясы» номинациясында «Баянауыл пейзажы» суреті үшін III орын 14 жастағы Альфия Шаймуратоваға берілді, жетекшісі Оксана Валерьевна Сидоренко. Мектептің барлық оқушылары қалалық және облыстық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпаздары болып табылады. Сайыс балаларды жалпы шығармашылық процесте біріктірді және білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасай отырып, олардың кәсіби бағдарларын жетілдіру мақсатында өткізілді. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы өткізді.