kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2687233
Бір айда213367
Бір аптада47172
Кеше7485
Тәулік2247
«Мағжан оқулары» конкурсының қалалық қашықтық кезеңі туралы
07-10-2020 17:42

2020 жылы 8-қазан күні Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Мағжан оқулары» қалалық кезеңі өткізіледі.

Мақсаты: Ақынның шығармашылығын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Конкурсқа Павлодар қаласының 5 - 11 сынып оқушылары қатыса алады. «Мағжан оқулары» үш бағыт  бойынша өтеді: «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - ақынның шығармаларын жатқа оқу сайысы, «Толқынмен толқын сырласып...» - М. Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары, «Ақын да бір бала ғой ұмтылған» - жас дарындар сайысы (өз шығармаларын оқиды)

Әділ қазы құрамында қаланың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жұмыс істейді.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаланың білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталады және конкурстың облыстық кезеңіне қатысады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі