2020 жылы 16 қазанда сағат 11.00-де онлайн-режимде лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтеді. Мақсаты - дарынды оқушыларды қолдау және дамыту,қолданбалы лингвистика бойынша білімін тереңдету.
Конкурсқа Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 8-10 сыныптың оқушылары қатыса алады.Қатысушылар олимпиада да туыс тілдердің салыстырмалы грамматикасына тапсырмалар орындайды, үндіеуропалық , енисей және латын тілдерінен аударма жасайды. Әрбір лингвистикалық тапсырмаларға оқушылар негізделген жауаптар беру керек.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталады. Олимпиада 3 турда өтеді: 16 қазан 2020 жыл - 1 тур (қалалық), 11 қараша-2 тур (облыстық), 20 қараша 2020 жыл - 3 тур (республикалық).
Павлодар қаласы білім беру бөлімі