ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Лингвистика бойынша қалалық олимпиада туралы
14-10-2020 08:35

2020 жылы 16 қазанда сағат 11.00-де онлайн-режимде лингвистика бойынша  республикалық  олимпиаданың қалалық кезеңі өтеді. Мақсаты - дарынды оқушыларды қолдау және дамыту,қолданбалы лингвистика бойынша білімін тереңдету.

Конкурсқа Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 8-10 сыныптың оқушылары қатыса алады.Қатысушылар  олимпиада да туыс тілдердің салыстырмалы грамматикасына тапсырмалар орындайды,  үндіеуропалық , енисей және  латын тілдерінен  аударма жасайды. Әрбір лингвистикалық тапсырмаларға оқушылар негізделген жауаптар беру керек.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталады. Олимпиада  3 турда өтеді: 16 қазан  2020 жыл - 1 тур (қалалық), 11 қараша-2 тур (облыстық), 20 қараша 2020 жыл - 3 тур (республикалық).

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі