kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2687233
Бір айда213367
Бір аптада47172
Кеше7485
Тәулік2247
Табиғатпен үйлесімді өмір сүру
14-10-2020 09:18
Табиғатпен үйлесімді өмір сүру

2020 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар техникалық мектебінің сәндік-қолданбалы шығармашылық бөлімінің тәрбиеленушілері «Табиғатпен үйлесімдікте өмір сүру» республикалық байқауына өздерінің шығармашылық жұмыстарын жіберді. «Флора», «Сувенир» үйірмелерінің тәрбиеленушілерімен 4 жұмыс жіберілді. Байқаудың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және «Қазақстанның ядролық қоғамы» атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталығы болып табылады. Мақсаты - жас ұрпақтың назарын экологияның өзекті мәселелеріне аудару, саналы мінез-құлықты дәріптеу және табиғатты ұтымды пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Байқау қорытындысы бойынша республикамыздың техникалық мектептерінің 60 тәрбиеленушісі мәлімдеген «Қоқысты сұлулыққа айналдырайық» номинациясы бойынша балалар техникалық мектебінің үйірмелері 2 жүлделі орынға ие болды.

II орынды № 17 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сажин Евгений «Сиқырлы ағаш» коллаж үшін алды. Евгений былай дейді: «Менің жұмысым түймелерден жасалған. Коллаж жасауға бірнеше сабақ алдым. Мен «Бисер» студиясына үшінші жыл барамын, түрлі материалдарды - түймелер, моншақтар, сымдарды қолдана отырып ағаштар жасағанды ұнатамын. Бұл менің республикалық байқаудағы алғашқы жеңісім, әрине, мен жүлдегерлердің үштігіне кіргенімді мақтан тұтамын».

III орынды «Раушаннан жасалған топиары» сувенирі үшін № 1 ЖОМ 9 сынып оқушысы Абдуллина Виктория иеленді. Виктория өз жұмысын көркем және сәндік технологияны-былғары пластикті қолдана отырып жасады. Виктория бірінші сыныптан бастап балалар техникалық мектебінің үйірмелеріне қатысады. Сурет салғанды, шығармашылықпен айналысқанды ұнатады. «Мен үшін бұл республикалық байқаудағы алғашқы жеңісім, педагогтарға рахмет, бұл біздің бірлескен еңбегіміз. Мен және ата-анам өте қуаныштымыз», - дейді Виктория.