Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Бос лауазымға конкурс
20-08-2025 16:25

«ZamanStar» білім беру дамыту орталығы» КМКҚ

қазақ тілі мұғалімі лауазымына

1

Білім беру ұйымның атауы

«Павлодар қаласының № 10 сәбилер бақшасы-

«ZamanStar» білім беру дамыту орталығы» КМКҚ

 

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы

140007, Қазақстан республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ткачев көш.,15/1

Телефон нөмірі

63-05-90

Электрондық почта

balabaqsha10@mail.ru

2

Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктемесі

Қазақ тілі мұғалімі, 1,5 мөлшерлемеде, күніне 7,2

Негізгі функционалдық міндеттері

оқытылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады;

      қазақ тілдерін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді;

      мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, олардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;

      оқытудың түрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты қолданады, инновациялық технологияларды меңгерген;

      жоспарлауға ғылыми-әдістемелік тәсілді жүзеге асырады, дамытушы оқытуға орната отырып, сабақтарға бағдарламалық материалды пысықтайды және түзете алады;

      бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;

      әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауап береді.

Еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары

-еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді

 

3

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары

Жұмыс өтіліне талап қойылмай, «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары және  (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтынқ құжат

Және немесе біліктілігінің  жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі : педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл

4

Құжаттарды қабылдау  мерзімі

20.08-29.08.2025

5

Қжетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

     10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

     11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

6

Уақытша бос лауазымның мерзімі

Тұрақты жұмыс