Телефон доверия
630590
Адрес: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
7.00 - 19.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Біздің балабақшада қызықты семинар өтті.......
25-05-2012 10:42

Біздің балабақшада қызықты семинар өтті.......

     №10 сәбилер бақшасында 15.05.2012 жылы «Ақпараттық технологиялар арқылы  оқу тиімділігін арттыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың құрылымы:

Бірінші кезең: балабақшаның визиттік картасы «Келіңіз, танысайық!» слайд-шоу. 

Екінші кезең: педагогикалық ашық көрсетілім.

Үшінші кезең: теория түрінде тәжірибемен бөлісу.

Төртінші кезең: рефлексия.

 Жалпы осы семинарда жас мамандар жақсы әдіс-тәсілдерді,  жаңа технологияларды, ұйымдастыру оқу іс-әрекетінің реттілігімен танысып мол тәжірибе алды. Тіл дамыту сабағында «И.Н. Мурашковс әдіс-тәсілдері», қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағында  «Дьенеш блогының әдіс-тәсілдері» қолданылды.  Оқу тәрбие үрдісінде өзін-өзі тану сабағында айналаны және өзін-өзі тану элементтерін пайдалана отырып жүзеге  асырды.

   Педагогтардың қазіргі заман білім беру үлгісінің жаңа тұжырымдамалық негіздері мен мазмұндық үлгісі, оқытуда ұйымдастырудың жаңа тәсілдері  заман талабына сай енгізілді.

  Ұйымдастыру оқу  іс-әрекетінің барысында балалар сабаққа белсенді қатысып өз білімдерін көрсете білді.

 

  Жас мамандарға жұмыста шығармашылық табыс тілейміз!!!