Біздің балабақшада қызықты семинар өтті.......
№10 сәбилер бақшасында 15.05.2012 жылы «Ақпараттық технологиялар арқылы оқу тиімділігін арттыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың құрылымы:
Бірінші кезең: балабақшаның визиттік картасы «Келіңіз, танысайық!» слайд-шоу.
Екінші кезең: педагогикалық ашық көрсетілім.
Үшінші кезең: теория түрінде тәжірибемен бөлісу.
Төртінші кезең: рефлексия.
Жалпы осы семинарда жас мамандар жақсы әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияларды, ұйымдастыру оқу іс-әрекетінің реттілігімен танысып мол тәжірибе алды. Тіл дамыту сабағында «И.Н. Мурашковс әдіс-тәсілдері», қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағында «Дьенеш блогының әдіс-тәсілдері» қолданылды. Оқу тәрбие үрдісінде өзін-өзі тану сабағында айналаны және өзін-өзі тану элементтерін пайдалана отырып жүзеге асырды.
Педагогтардың қазіргі заман білім беру үлгісінің жаңа тұжырымдамалық негіздері мен мазмұндық үлгісі, оқытуда ұйымдастырудың жаңа тәсілдері заман талабына сай енгізілді.
Ұйымдастыру оқу іс-әрекетінің барысында балалар сабаққа белсенді қатысып өз білімдерін көрсете білді.
Жас мамандарға жұмыста шығармашылық табыс тілейміз!!!
