"Павлодар қаласының №112 сәбилер бақшасы" КМҚК әріптестерді құттықтап, зияткерлік ойын "Өз ойыным" педагогтармен өтті.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етсін! Жаратушы Иеміз байтақ Отанымыз тәуелсіз Қазақстанның халқына бақ-береке бергей!
Республика күні – еліміздің игілігі, баға жетпес құндылық. Сол себепті бұл күннің мән-маңызын жас ұрпаққа көбірек дәріптеп, ұлттық рухты асқақтататын, айбынымызды асыратын іс-шаралар ұйымдастырып, жоғары деңгейде атап өтуіміз шарт. Себебі дана халқымыз айтқандай, «Отан отбасынан басталады». Алла Тағала Отанымызды шын сүйіп, елімізге адал қызмет етуді нәсіп етсін!