Біздің бақшамызда ересек топтардың балалары арасында "Мақал-сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы" атты байқау өтті.
Командалар мақал-мәтелдерді білуден жарысты, мақал-мәтелдер туралы өз плакаттарын ұсынды, пантомималар қойды. Біздің қатысушыларды, құрамында балабақшаның ата - аналары бар қазылар алқасының мүшелері бағалады. Байқау қорытындысы бойынша командалар 1,2,3 орындарға ие болды.