
Біздің балабақшаның тәрбиелік жұмысының басым бағытытың бірі – бұл ата-аналармен жұмыс. 2018 жылы 16 ақпанда «Әке, ана және мен – спорттық отбасы» атты спорттық отбасылық мереке өтті. Ең спортты отбасы атағына күрескен естияр «А» және естияр «В» топтарының үш адамнан тұратын ата-ана қатысты: екі ересек (әке мен ана) және бір бала. Сайысқа он екі отбасы қатысуға ниет білдірді.Қатысушылар спорттық киім киген. Қатысушыларға қойылған басты шарттарының бірі – команданың ұраны, визит карточкасы.
Спорттық мерекеге орман аңдары да келді: қасыр, мен түлкі.
Әр команданың мүшесі өз командасына көп ұпай алып келуге тырысты.
Сайыстың соңында татулық жеңді. «Әке, ана және мен – спорттық отбасы» атты спорттық отбасылық мерекесіне қатысушыларына грамоталар мен сыйлықтар ұсынылды. Бұл спорттық шарадан барлық адамдар үлкен әсер алды.