Эмоция туралы сөйлесейік.

Кез келген жағдайда адам не күледі, не қорқады, не қобалжиды. Осылай ол ақиқатқа деген өз көзқарасын білдіреді. Бір күнде адамның көңіл-күйі қалай өзгеретінін көру үшін, даярлық «Б» тобының тәрбиеленушілері педагог-психологпен бірлесіп, өз көңіл-күйлерінің көрнекі қуыршағын жасады және бір-бірімен салыстырды. Балалар тапсырманы қызығып орындады, өздері жасаған қуыршақтың эмоциясын айтып отырды.