«Сүйікті анамның портреті» фото есеп Ана – ең қымбатты адам!
8 Наурыз мерекесі қарсаңында ересек «Б» тобында «Сүйікті анамның портреті» атты балалар суреттер көрмесі өтті. Балалар өз аналарының суретін сүйіспеншілікпен салды. Олар өз жұмыстарында аналарының сыртқы ұқсатығымен қатар, өмірдегі ең қымбатты адамына деген шексіз махаббатын көрсете білді.