Тренинг

Біздің педагогтар қатысушылардың психологиялық денсаулығын нығайту үшін эмоциялық шиеленісті жоюға бағытталған тренингке қатысты. Педагог-психолог Ә.С. Мейрамханова бір-бірін қабылдауға, эмоционалды-психологиялық жақындасуға, ұжымды топтастыруға және би терапиясына жаттығулар өткізді. "Стрессті қалай жеңу керек" деген кеңестер берілді, ал ішкі жан үйлесімін тұрақтандыра отырып, қорытынды бөлімде релаксация өткізді.