Бүгін, балалардың денсаулығы (физикалық, психикалық және адамгершілік) - бұл еліміздің мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің ең өзекті мәселесі екенін білесіз бе? Үшінші мыңжылдықтың қарсаңында "Арт-терапия", "Музыкотерапия", "Би терапиясы", "Ертегітерапия"сияқты дербес ғылыми бағыттар пайда болды. Бүгін біздің балабақшада мектепалдық дайындық "Г" тобында музыкалық терапия элементтерімен "Ертегі еліне саяхат" атты музыкалық сабақ өтті. Біз музыканың көңіл-күйін сезінуге және түсінуге үйрендік,музыкалық композиторлармен және олардың шығармаларымен таныстық. Балалар музыкалық аспаптарда өз бетінше импровизацияланған оркестр ойнады. Балалар сабақ барысында белсенді қатысты. Олар: музицирование,түсті терапия, арт терапиясы. Сабақты музыкалық жетекшісі С. М Смағұлова өткізді.
Музыкотерапия