Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындар
Ұлттық мәдениетті дене тәрбиесіне белсенді енгізу, қазақ халық ойындарын дене шынықтыру сабақтарында пайдалану жас ұрпақты оқыту процесін ізгілендірудің маңызды бағыты болып табылады. Әрбір ұлттық ойын өзіндік ерекшелігі бар, әдеттегі жаттығулардан өз үлгісімен, эстетикалығымен, адамгершілігімен, интеллектілігімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта ұлттық ойындарды қолдану арқылы оқыту мен тәрбиелеу балаларды патриоттық және интернационалдық тәрбиелеуге кең мүмкіндіктер береді.