2020 жылдың қазан айында Брянск қаласында өткен "Сенің рухани қазынаң" XI Халықаралық балалар бейнелеу шығармашылығы фестивалінің "Маэстро" атты байқауының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 5 жас суретшісі жеңімпаз атанды. Байқау театр жылына арналған еді. Байқауға мектептің 46 оқушысы қатысты, олардың суреттерінде "Театр", "Суретшілер бейнелеген Суретшілер" тақырыптары көрсетілді. Аралас техникада орындалған "Музыкант және Клоунесса" жұмысы үшін II дәрежелі дипломмен Алина Бусарова, 13 жаста, жетекшісі Анжелика Николаевна Бамбуляк, "Үзілісте" (графикада орындалған) жұмысы үшін Томирис Нурланқызы, 13 жаста, "Клод Моне шабыты" (гуашьпен) жұмысы үшін 9 жастағы Алиса Усик марапатталды, жетекшісі Лариса Алексеевна Кузнецова.
Гуашьпен орындалған "Ван Гог" жұмысы үшін III дәрежелі диплом Әсел Әсетқызына, 8 жаста, "Ұлы Рембрандттың туындысы" (гуашьпен) жұмысы үшін 9 жастағы Кристина Карпенкоға берілді, жетекшісі Лариса Алексеевна Кузнецова. "Жұмыс барысында байқау қатысушылары театр өнері әлемімен танысып, әлемнің танымал суретшілерінің, театр қайраткерлері мен актерлердің шығармашылығымен толығырақ танысты. Алайда, оқушылар өнер жолының басында өздерін ерекшелеп, әлемдік деңгейде жүлделі орындарға ие бола алды» - деп атап өтті мектеп басшысының орынбасары Гүлнар Мерғалымқызы Мұхаметкалина.