Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Павлодар балаларының Тобольск көрмесіндегі пейзаж суреттері
09-11-2020 09:41
Павлодар балаларының Тобольск көрмесіндегі пейзаж суреттері

Ресейдің Тобольск қаласында өткен "Рождественская-2020" балалар және жасөспірімдер шығармашылығының XXV халықаралық көрме - байқауына Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебініңоқушылары "Сюжеттік-тақырыптық картина", "Сәндік-қолданбалы композиция", "Шабытқа бөленген Град"атты 3 номинация бойынша 30 жұмысы жіберді. Әлемнің 18 елінен 129 көркемөнер, өнер мектептері мен студияларының 1600-ден астам балалары және ЖОО студенттері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодарлық балалар 20 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде 3 қатысушымызI дәрежелі лауреат дипломымен, 1 оқушымызII дәрежелі лауреат дипломымен, 2 оқушымызIII дәрежелі лауреат дипломымен, 3 қатысушымыз дипломмен марапатталды.

I дәрежелі дипломға гуашьпен орындалған"Жаңа жылдық орманда" суреті үшін 6 жастағы Милана Карпенкомен"Тыныштық" жұмысы үшін7 жастағы Амина Бельгибаева және гуашпен орындалған "Шырша" суреті үшін 9 жастағы Ангелина Пономарева ие болды, ұстазы Инна Владиславовна Масленникова.

Гуашьпен орындаған "Успенск шіркеуі", суретіүшін 7 жастағы Василиса Кравчук II дәрежелі дипломмен марапатталды, III дәрежелі лауреат дипломымен 11 жастағы Ева Подгорецкая пастельмен орындаған "Ұлы Устюгке саяхат" суреті үшін, ұстазы Лариса Борисовна Илларионова,және 11 жастағы Азиза Каирова гуашьпен орындаған "Ормандағы Рождество" суреті үшін марапатталды, ұстазы Наталия Владимировна Решетова.

Сонымен қатар 9 жастағы Кристина Карпенко (ұстазы Лариса Алексеевна Кузнецова), 10 жастағы Анастасия Михайлова (ұстазы Наталия Владимировна Решетова), 6 жастағы Дарья Москаль (ұстазы Инна Владиславовна Масленникова), 7 жастағы Руслана Нурпеисова, Адина Бейсенова, 6 жастағы Милан Белокрылова, 9 жастағы Виктория Фишбах, 7 жаста Елизавета Вассерберг (ұстазы Лариса Борисовна Илларионова) дипломдармен марапатталды.