Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Павлодар балаларының суреттеріндегі Қызыл кітап жануарлары
16-11-2020 08:56
Павлодар балаларының суреттеріндегі Қызыл кітап жануарлары

2019 жылы Ресейдің Ханты - Мансийск қаласында өткен "Қызыл кітап балалар көзімен" атты балалар шығармашылығы байқау-көрмесінің халықаралық жобасына Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінің 62 оқушысы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 2020 жылдың қазан айында 28 оқушы байқау лауреаттары атанды және олардың жұмыстары Халықаралық жоба альбомына енді.

7-12 жас аралығындағы лауреаттар өз жұмыстарында түрлі-түсті қарындаштар мен гуашь, аралас техникасында әлемнің Қызыл кітабына енгізілген жануарлар туралы өз ойларын ұсынды. Олардың ішінде 7 жастағы Эвлина Куничанская "Қоқиқаз" және Олеся Киселева "Қызғылт қоқиқаз"жұмысымен, 8 жасар Руслан Катлеев "Лалагүлдер"жұмысымен, сонымен қатар 9 жасар Жұлдыз Қуанышбаева "Арқар" жұмысымен қатысты.

Байқаудың 10 жастағы лауреаттары: Кристина Алпеева, Александра Добрянская, Валерий Холманский, Надир Елеужанов, Злата Юферев, Ульяна Сергин, Илья Солоденко, Александра Шароварова, Ярослав Стрелова, Назар Бейсенов, Александра Огий және Наргиз Ташева - "Борсықтар", "Суыр", "Қоқиқаз", "Амур жолбарысы", "Сілеусін", "Барс", "Сүйрік", "Тәжді тырна", "Суыр", "Қарақұйрық", "Ақ аю" атты суреттерін ұсынды.

11 жастағы оқушыларымыз: Диляра Раисова, Милана Бейсембаева, Азиза Бауыржан, Варвара Шайхутдинова, Яна Родкина, Ева Лучишина Ева - "Мейірім", "Сілеусін", "Ақ аю", "Қоқиқаз", "Амур жолбарысы", "Панда" суреттері үшін байқау лауреаттары атанды.

Мектебіміздің ұстаздары: Инна Владиславовна Масленникова, Светлана Евгеньевна Рейн, Наталия Владимировна Решетова, Лариса Алексеевна Кузнецова, Дамир Серікұлы Смыков оқушыларымыздың жетекшілері болып табылады. "Осындай байқауларға қатыса отырып, балалар табиғатты, жануарлар мен өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлерін сақтауға өз үлестерін қоса алады және жануарларды, өсімдіктерді, қоршаған әлемді қорғауға ат салысуға шақырады. Ал өздері болса сезімтал және мұқият болуды үйренеді", - дейді мектеп меңгерушісі Инна Владиславовна Масленникова.