Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Балалар суреттеріндегі адам құқықтары.
23-12-2020 09:59
Балалар суреттеріндегі адам құқықтары.

Қазақстанда БҰҰ-ның Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай "Балалар әлемді бейнелейді" қорымен бірлесіп, балалар тақырыптық суреттерінің байқауы өткізілді. Байқауға Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 10 жас суретшісі өз суреттерін жіберді, ал Қазақстанның барлық өңірлерінен 160-тан астам жұмыс келіп түсті.

Байқау қорытындысы бойынша сайыс жеңімпаздарының ондығына Павлодар қ. көркемсурет мектебінің 3-сынып оқушысы 12 жасар Дарья Секара енді. Ол "Қорғау және қауіпсіздік құқығы" тақырыбындағы суретін ақ қағазға "гуашь" техникасында орындады. Қорғау және қауіпсіздік туралы суретінде ол отбасындағы ата-аналардың сүйіспеншілігін, мемлекеттің назары мен қамқорлығын және қызығушылықпен шұғылданатын ісін көретінін жеткізді.

 Дарья кішкентай кезінен сурет салуға үлкен қызығушылық танытты, 4 жасынан бастап өнер мектебінің "Кішкентай ел" өнер студиясында шұғылдана бастады. Қазір мектепте өте жақсы нәтижелер көрсетуде, оның мұғалімі-Елена Ивановна Дистель. Дарья дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 7 сыныбындағы үздіктер қатарында. Ағылшын тілімен айналысады, сонымен қатар түрік тілін оқи бастады. Ағылшын тілі бойынша халықаралық байқаулардың және шығармашылық шығармалар бойынша  республикалық сайыстар мен олимпиадаларының жеңімпазы болып табылады. Би билегенді, шахмат ойнағанды ұнатады, сондай-ақ әуе гимнастикасымен айналысады. Ол уақытты ысырап етпей, үнемі дамып отыру керек деп санайды. Және оның осы ойы жүзеге асты. Оның барлық бастамаларында Дарьяны үнемі ата-анасы қолдап отырады. "Ата - ана-ең қымбат сыйлық... Өйткені, олар бізге ең құнды - өмір берді.",- дейді Дарья.