Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Халықаралық балалар суреттері көрмесінің жүлдегерлері.
30-12-2020 10:07
Халықаралық балалар суреттері көрмесінің жүлдегерлері.

Словакияның Стреда Дунайск қаласында өткен "Цытноостровские пастельки - 2020" балалар суреттерінің халықаралық көрмесіне Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің 35 оқушысы өз жұмыстарын ұсынды. Байқау тақырыбы еркін. Көрмеге Бангладеш, Болгария, Чехия, Қытай елдерінің балалары қатысты.

           Көрме қорытындысы бойынша павлодарлық үш оқушы осы байқаудың жеңімпаздары атанды. Гуашьпен орындалған "Мысық" жұмысы үшін байқау медалімен 6 жастағы Георгий Шапов, аралас техникада орындалған "Теңізші" жұмысы үшін 4 жастағы София Пфлюг, ұстазы  Лариса Алексеевна Кузнецова, сондай-ақ гуашьпен орындалған "Қайыңдар орманында" жұмысы үшін 6 жастағы Елизавета Губенко марапатталды, ұстазы Лариса Борисовна Илларионова.

      Бұл балалардың барлығы өте белсенді, эмоционалды, шынайы және қарапайым.  Олардың қарапайымдылығы мен қиялы әрқайсысын шедевр деп атауға болатын суреттер жасауға көмектеседі. София кескіндемеде бірегей, түстерді қабылдауы жоғары. Георгий графикалық материалдармен керемет сурет салады және пластилинмен тамаша мүсіндейді. Ал Елизавета болса өзін барлық техникада сынап көруді ұнатады, және осы бағыты қолынан келеді, - дейді олардың мұғалімдері.