Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Волгоградтағы халықаралық байқаудың суреттеріндегі өзім және әлем туралы
06-05-2021 08:29
Волгоградтағы халықаралық байқаудың суреттеріндегі өзім және әлем туралы
Ресей Федерациясының Волгоград қаласында өткен "Өзім және әлем туралы" балалар көркем шығармашылығының халықаралық байқауына Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 36 оқушысы қатысты. Байқау Беларусь, Қазақстан және Ресейдің 700-ден астам жас суретшілерін біріктірді. “Бұл 700 жұмыс – балалардың армандары, тілектері, үміттері бар бүкіл әлем сияқты. Байқаудың міндеті-бейнелеу өнерімен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің өз отбасының, достарының әлеміне, өз халқының дәстүрлеріне үндеу арқылы адамзаттың мәдени әлеуметтік және рухани негіздерінің дамуына үндеу жасау. Байқауға түскен суреттерді қарастыра отырып, балалық шақтағы өзіміз туралы көп нәрсені білуге болады, өйткені біз бір-біріне ұқсаспыз, - деп жазды байқаудың ұйымдастырушылары каталогта.
 
Павлодар мектебінің үш оқушысы байқаудың жүлдегерлері атанды. Байқаудың кіші жас санатында 2 орынды Тимофей Пугачев, 7 жаста, "Біз алыс жерлерге барамыз!" атты аралас техникада орындаған жұмысымен жеңіп алды, жетекші Лариса Борисовна Илларионова. Ерекше жұмыстары үшін дипломдармен келесі 2 оқушымыз марапатталды: аралас техникадағы "Қысқы серуен" суреті үшін Анна Вернер, 8 жаста, жетекшісі Гульнар Мергалимовна Мухаметкалина және Элина Шараманова, 13 жаста, гуаш техникасында орындалған "Ауылдағы жаз" суреті үшін, жетекшісі Лариса Алексеевна Кузнецова. Сондай-ақ, мұқабасының ішкі бөлігін біздің оқушы Анна Вернердің жұмысы безендірген, байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары бар байқау каталогы шығарылғанын атап өткен жөн.
 
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Мұхаметқалина.