2021 жылғы 26-30 сәуір аралығында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Баянауылдың жанданған петроглифтері» шығармашылық жұмыстарын құру бойынша қалалық челленджді өткізді. Челленджге Павлодар қаласының 10 оқу орнының 70-тен астам қатысушысы ат салысты.
«Жанданған петроглифтер» жобасы аясында, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында ежелгі адам суреттері желісімен шығармашылық жұмыстар жасау жөніндегі челленджі Баянауылдың тарихы мен географиясына, жартастағы ежелгі суреттеріне, олардың шығу тегі мен мәніне қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған. «Жанданған петроглифтер» жобасы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Білім ғұрпы» басым бағытына арналған.
Челленджге қатысу шарттары Баянауылдан табылған ежелгі адамның суреттеріне шығармашылық көзқарас ретінде өз жұмыстарын ұсыну болды, осылайша олар қолданыстағы петроглифтерді әртүрлі техникадағы, кез-келген аппликация немесе коллажда орындалған суреттер арқылы шығармашылық жағынан түсіндіру және дамыту қабілеттері мен өздерінің қиялдарын жеткізу және оларды инстаграмдағы әлеуметтік желілердің мектеп парақшасына орналастыру.
Іс-шараның басты мақсаттарының бірі Баянауылдың тарихы мен географиясы туралы білімге, жартастағы ежелгі суреттерге, олардың шығу тегі мен мәніне қызығушылықты қалыптастыру, сондай-ақ туған өлкеге, оның мәдениеті мен шығармашылығына деген сүйіспеншілікті, табиғатқа, қоршаған әлемге ұқыпты қарауды қалыптастыру болып табылады.
Қатысушылар акварель, гуашь, аппликация, ермексаз және аралас техника сияқты түрлі техникаларда өз жұмыстарын орындап, осы тақырыпқа шығармашылық тұрғыдан өте мұқият жақындады. Мысалы: №29 ЖОМ 6 "Г" сынып оқушысы Милана Прохоренко, 12 жаста, акварель техникасында өз жұмысын орындады, №29 ЖОМ 5 "Е" сынып оқушысы Настя Белоусова тастың әсерін алу үшін шпатлевканы қолданып, оған сурет салды, ал 20 лицейдің 9 "А"сынып оқушысы Әлия Сейтқазы «Чи» тоқымасы техникасында сурет салды.
Қатысушылардың ең көп саны байқалған №29 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары петроглифтерге үлкен қызығушылық танытты. №36, №2, №40 және Кенжекөл ауылының Мақпалеев атындағы мектептерінен
келген балалар челленджге құлшыныспен қатысып, шығармашылық белсенділік танытты. №9 гимназияның жас суретшілері өз жұмыстарын ерекше орындады.