Чебоксары қаласында өткен М. Юрьев жүлдесіне арналған халықаралық балалар сурет байқауына Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің 38 оқушысы "Біз өмір сүретін әлем" номинациясында қатысты.
5-7 жас аралығындағы топта 7 жастағы Иван Харин байқау жеңімпазы атанды. Ол гуашь техникасында орындаған «Антарктидада» жұмыс үшін 1 орынды иеленді, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова.
Мектеп оқушылары байқау жеңімпаздары атанды: 5-7 жас тобында Мария Фирсова, 8 жаста, гуашь техникасында орындаған "Теңіздер мен мұхиттардың дауылы" жұмысы үшін 3 орын, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова және 12-13 жас тобында Маргарита Чичмаренко, 13 жаста, гуашь техникасындағы "Шерлок Холмс" жұмысы үшін 3 орын, жетекшісі Светлана Евгеньевна Рейн.
Гуашь техникасында орындаған «Ақ аюлар» жұмысы үшін 7 жастағы Злата Артеменко дипломмен марапатталды, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова.