Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Экомода» тастанды материалдан жасалған киім дизайны байқауындағы балалар қиялдары
16-06-2021 21:54
«Экомода» тастанды материалдан жасалған киім дизайны байқауындағы балалар қиялдары

«Дәстүр-LIFE» мектебі және экология жылының жазғы жобасы шеңберінде 2021 жылғы 15 маусымда Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі- ЮНЕСКО клубы қала мектептерінің мектеп жанындағы лагерлер оқушылары арасында "Экомода" қалалық байқауын өткізді. Оған 32, №41, №43, №21, №24, №36, №17, №6, №9, №28, №38, №29, №37 ЖОББМ, Әуезов атындағы ЖОББМ, Жетекші с. ЖОББМ, Мақпалеева атындағы ЖОББМ-нің мектеп жанындағы 15 отрядтың 57 баласы қатысты. Байқау шарттары бойынша әрбір қатысушы немесе жасақ тастанды материалдан жасалған киім дизайнының өз нұсқасын ұсынып, қазылар алқасы мен көрермендер алдында салтанатты түрде жүріп өтіп, оның қандай жағдайға арналғаны тіралы айтып өту қажет. Іс-шараның мақсаты: балалардың бос уақытын өткізу, балаларға экологиялық мәдениетті және табиғатқа ұқыпты қарауды үйрету.

Балалар киімнің жекелеген, сондай-ақ киім топтамаларының алуан түрлі және қызықты түрлерін ұсынды, олар: пакеттер, полиэтилен қапшықтар, бөтелке қақпақтары, газеттер, картон, мата бөліктері, бөтелкелер.

Бағалау кезінде қазылар алқасы өзектілік, қолдану мүмкіндігі, креативтілік, эстетика сияқты өлшемдерді ескерді. Жасалған костюмдердің дизайны арқылы, балалар мен олардың ұстаздары оларды қиял мен шығармашылықты қолдана отырып, үлкен қызығушылықпен жасағандығы байқауға болады.

№28 және №9 орта мектептердің командалары байқаудың жеңімпаздары аатанды.

Жүлделі орындар келесі тәртіпте бөлінді: 2 орынды №29 мектеп және Жетекші ауылы командалары, ал 3 орынды №32 және Мақпалеев атындағы ЖОББМ командалары иеленді.