«Өз жерінде» 16 халықаралық кескіндеме және графика байқауы
![«Өз жерінде» 16 халықаралық кескіндеме және графика байқауы](/media/img/blogs/6110947f2aa4c.jpeg)
2021 жылы Беларусьте өткен «Өз жерінде» атты 16 халықаралық кескіндеме және графика байқауына Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының 34 жұмысы қатысты. Олардың ішінде жеңімпаздар атанған: Айлана Ринатқызы, 6 жаста, аралас техникада орындаған «Тауда да, далада да» жұмысы үшін, медальі бар лауреат дипломы, жетекшісі Лариса Алексеевна Кузнецова, Амелия Звягина, 8 жаста, «Саңырауқұлақтар уақыты» жұмысы үшін лауреат дипломы, гуашь, Полина Юстус, 8 жаста, аралас техникасындағы «Қарбыздың мол өнімі» жұмысымен лауреат дипломы, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова.
Ерекше деп танылған жұмыстары үшін келесі мектеп оқушылары дипломдармен марапатталды: София Жанахутдинова, 8 жаста, «Күзгі серуен» жұмысымен, гуашь, Аружан Байжигитова, 8 жаста, түрлі-түсті қарындаштармен салған «Ауылдағы әжемде» жұмысы үшін, Милан Попова, 9 жаста, «Қонақтар келді» жұмысы үшін, гуашь, Регина Даниленко, 9 жаста, «Ауыл күндері» жұмысымен, гуашь, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова, Анна Вернер, 9 жаста, «Баянауылда» жұмысы үшін, гуашь, жетекшісі Гульнар Мергалимовна Мухаметкалина, Милана Коноваленко, 15 жаста, «Егін жинау» жұмысы үшін диплом, гуашь, жетекшісі Дамир Кусаинович Кусаинов.