Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында 15 тамыз - 10 қыркүйек аралығында «Бояулар құпиясы» атты облыстық байқау қашықтықтан өтті. Облыстың 14 көркемсурет мектебі және өнер мектептерінің көркемөнер бөлімдерінің 30-дан астам оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 5 оқушысы қатысты.
Байқау шарттары бойынша 10-17 жас аралығындағы жас суретшілер байқау жұмыстары және «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» суреттер көрмесіне арнап 2 бағыт бойынша жұмыстар орындады. Суреттердің жасалу барысы туралы фото және дайын жұмыстар, жұмыстардың бейне тұсаукесері байқауға электрондық форматта ұсынылды.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша 9 қатысушының, оның ішінде Павлодар мектебінің 4 қатысушысының жұмыстары үздік деп танылды.
Облыстың көркемсурет мектептерінің оқушылары арасында «Туған өлке» суреті үшін Азиза Бауыржан, 15 жаста, жеңімпаз атанды. Азиза 2020 жылғы республикалық, халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады (ұстазы Светлана Евгеньевна Рейн).
II орынды Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабын иллюстрациялағаны үшін Юлия Пайчук, 15 жаста, иеленді. Ол «графика» техникасында орындаған суретін «Туған жер» деп атады (ұстазы Дария Карангуровна Батмаева).
«Коллаж» техникасында орындаған «Жайлаудағы көктем» жұмысы үшін Дамира Базарбай, 11 жаста, III орынды иеленді (ұстазы Алтын Ибраевна Кисамиденова).
«Бояулар құпиясы» номинациясын «кескіндеме» техникасында орындаған «Натюрморт» жұмысы үшін Дильназ Жиенбекова, 14 жаста, жеңіп алды (ұстазы Жанар Ержановна Шайкенова). Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.