Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Суретші-ұстаз Ольга Ловинаның мерейтойлық көрмесі
26-10-2021 12:06
Суретші-ұстаз Ольга Ловинаның мерейтойлық көрмесі
21 қазан күні облыстық көркемсурет мұражайында педагог - суретші, шебер-зергер, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ольга Ивановна Ловинаның "Шаттықты бейнелеу" атты мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге шебердің 2021 және ерте жылдардағы 168 жұмысы қойылған: шығыс кескіндемесі, артэмаль,зергерлік бұйымдар, Соловецкий аралдарындағы сәулет практикасы туралы жұмыстар.
Ольга Ивановна Красносельск көркемсурет училищесін үздік тәмамдаған. Углич қаласының сағат зауытында, Эстонияда Таллин зауытындағы өндірістік шеберханаларда зергер болып жұмыс істеген. 1991 жылы өзінің Отаны Павлодар қаласына оралып, онда "Наурыз" Алматы филиалында зергер, сондай-ақ Суретшілер одағының көркем-өнеркәсіптік шеберханаларында жұмыс істеді. 1992 жылы ҚР Суретшілер одағының қатарына кірді. 1998 жылы ол зергерлік өнер бойынша авторлық бағдарлама әзірлеп, өнер мектебінде жас ұрпаққа өз тәжірибесін бере бастады. "Балаларды оқыта отырып, өзім де оқуымды жетілдіремін", - дейді Ольга Ивановна. Әлем бір орында тұрмайды, сондықтан мен де жақсарып, дамып келемін, бейнелеу өнерінің, атап айтқанда, зергерлік өнердің жаңа ағымдары мен бағыттарын бойыма сіңіремін.
Мен үшін шығармашылық деген не? Бәлкім, бұл өмір салты ғана емес, сонымен қатар өмірдің өзі, өйткені өнер барлық жағынан да байқалады. Жаратушы жіберген Сұлулық бізді барлық жерде және барлық жағдайда қоршап тұрады, ал біз, суретшілер, әркім өз әнін өзінше шырқайды".
Мыс, ыстық эмаль, тізбекті тоқу арқылы жасалған "Пирита" фибуласының зергерлік бұйымдары Таллин кезеңіне арналған.
"Гайавата" алқасы, "Пирита", "Сад души" фибуласы сияқты әшекейлерде ақық, халцедон, хризопраз сынды қазақстандық асыл тастар қолданылды.
"Баянауыл тастары", “Зерен көлі"," Айнакөл" секілді сюжеттік композициялар арнайы қылқалам қолдана отырып минералды бояулармен күріш қағазында "Гохуа" Шығыс кескіндемесі техникасында орындалған.
Дарынды ұстаз өз ісіне деген махаббаты мен шеберлігін 23 жылдан астам уақыт бойы балаларға сәтті жеткізіп келеді. Оның оқушылары-қалалық, облыстық, халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте жүлдегерлері болып табылады, олардың ішінде Алиса Пипченко, 12 жаста, София Беген, 16 жаста және басқалар.
    Көрме 14 қарашаға дейін ашық.