Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Ядролық жарылыстарсыз әлем» артчеллендж туралы
03-12-2021 11:52
«Ядролық жарылыстарсыз әлем» артчеллендж туралы

2021 жылғы 21-29 қараша аралығында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі –ЮНЕСКО клубы Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептері оқушылары арасында «Ядролық жарылыстарсыз әлем» қалалық онлайн - артчелленджін өткізді. Челленджді өткізудің мақсаты: ядролық сынақтардың, жарылыстардың қауіптілігі және олардың салдарлары туралы түсінік қалыптастыру;бейбіт уақыттың құндылығын, адамдар мен жалпы мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды түсінуді қалыптастыру болып табылады.

Челлендж шарты бойынша балалар ядролық соғыстардың қауіптілігі және олардың салдарлары туралы, «Невада – Семей» антиядролық қозғалысы туралы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы ядролық жарылыстарсыз бейбіт өмір туралы балалардың түсініктерін жеткізетін әңгімесі бар ұзақтығы 1 минутқа дейін бейне жазып, өз парақшасында немесе өз мектебінің парақшасында: #Мирбезядерныхвзрывовpvl #Qazaqstan30 хэштегтерін астына жазып жариялау қажет.

Жұмыстар жарияланған тақырып бойынша түрлі техникада (акварель, гуашь, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, гельді қаламдар, пастель, аралас техника) орындалған.

Артчелленджге әр түрлі мектептерден 100-ге жуық бала қатысты: ЖОМ № 33, №34, №26, №14, №11, №25, №19, №43,№11,№28, ,№14, № 18, Әуезов атындағы ЖОББМ. Қатысушылардың сөздерінен оқушылар Қазақстандағы ядролық жарылыстардың тарихын зерделеп, адамзат үшін ядролық сынақтардың зияны туралы біліп, жарылыс салдарынан зардап шеккен балалардың қайғы-қасіреті мен қайғысына ортақтасқанын көруге болады. Адамзат үшін ядролық жарылыстардың қауіптілігі туралы және жер бетіндегі бейбітшілікті сақтау қаншалықты маңызды екенін есте сақтау өте маңызды. 1 «Г» сынып оқушысы Таир Аюпов «Мен Семейдегі ядролық жарылыстар туралы мұғалімнің әңгімесінен кейін қатты үрейлендім» дейді, ал №18 ЖОМ «1» сынып оқушысы Дамиль Жукевич олардың салдарын өлеңмен жеткізді: "Бір сәтте –әлем жоғалды, бір сәтте – сенде жоқсың!». №28 ЖОМ және № 14 ЖОМ оқушылары ядролық жарылыстар балалардың денсаулығына кері әсерін тигізгенін және осындай отбасыларға көмек беру үшін «Самал» орталығы құрғаны туралы білді. «Біз бейбіт аспанды сақтауымыз керек, біз ядролық жарылыстарға қарсымыз!»,- дейді балалар суреттері.