Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Павлодарлық жас суретшілердің графика байқауындағы суреттері
24-12-2021 09:46
Павлодарлық жас суретшілердің графика байқауындағы суреттері

2021 жылдың желтоқсан айының басында Новосибирск қаласында өткен «Таланттар палитрасы» балалар суреттерінің халықаралық байқауына алғаш рет Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының оқушылары қатысты. Бірден 10 бала байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. «Ақ-қара» номинациясында мектеп оқушылары гуашь техникасында орындаған «Панда» жұмысы үшін 8 жастағы Арина Елусизова мен 7 жасар Айша Қабылбекова «Буренка» жұмысы үшін (ұстазы Инна Владиславовна Масленникова) 1 дәрежелі дипломдармен, графика техникасында орындалған «Жылы кеш» жұмысы үшін 2 дәрежелі дипломдармен 13 жастағы Адина Жұмағалиева (жетекшісі Рейн Светлана Евгеньевна) марапатталды.

«Көне-өте көне ертегі» номинациясында акварельмен орындалған «Биші қайыңдар туралы аңыз» жұмысы үшін 13 жастағы Антонина Демченко 1 дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Шушаев Шамиль Ракымбекович), 2 дәрежелі дипломдармен маркермен орындалған «Үш апалы-сіңлілі қазақ ертегісі» жұмысы үшін 13 жастағы Огий Александра, (жетекшісі Наталья Владимировна Решетова), графика техникасында орындалған «Жылан-әйел» және «Бай және қойшы» жұмысы үшін 13 жастағы Камила Кадишева мен Дарья Богданова (жетекшісі Екатерина Александровна Одарчук), ал 3 дәрежелі дипломмен аралас техникада орындаған «Қар патшайымы» жұмысы үшін Дильназ Шумакова (жетекшісі Татьяна Васильевна Ахметжанова) марапатталды.

«Алыстағы шоқжұлдыздар» номинациясында гуашь техникасындағы «Әлем мұхиты» жұмысы үшін 15 жастағы Карина Тулегенова (жетекшісі Анжелика Николаевна Бамбуляк) мен гратография техникасындағы «Басқа планетада» жұмысы үшін Егор Дяченко, 10 жаста (жетекшісі Валентина Петровна Степанко) 1 дәрежелі дипломның иегерлері атанды.