Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"Менің Қазақстаным" облыстық бейнелеу шығармашылығы байқауы
28-12-2021 08:23
Павлодар облысы бойынша ПҰ БАИ-ның "Өрлеу" БАҰО филиалының, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап ұйымдастырған бейнелеу өнері және көркем еңбек ұстаздары арасындағы "Менің Қазақстаным" облыстық бейнелеу шығармашылығы байқауына, Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 22 ұстазы қатысты. Байқаудың қазылар алқасы 1 дәрежелі дипломмен Наталья Владимировна Решетованы, Шамиль Ракымбекович Шушаевты және Евгения Владимировна Рыжкованы, 2 дәрежелі дипломмен Анна Валерьевна Аткина мен Ардақ Бостауовна Калиякбарованы, ал 3 дәрежелі дипломмен Раиса Петровна Степанконы марапатталды. Бірнеше ұстаздардың жұмыстары түрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды: Олжас Жұмабайұлы Жамиш -"Көрермендер көзайымы" номинациясы бойынша диплом, Бауыржан Мұратұлы Рахметов - "Алғашқы қадам" номинациясы бойынша диплом, Батыр Маратұлы Даутов - "Бейнелеу өнерінің жанашыры"номинациясы бойынша диплом.