Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жас суретшілердің сәндік-қолданбалы шығармашылығы
19-01-2022 13:19
Жас суретшілердің сәндік-қолданбалы шығармашылығы

   Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде шығармашылық және көркемдік даму мақсатында ойыншықтар жасау бойынша «Өз қолымен» атты байқауы өтті. Мектеп оқушылары өз жұмыстарын жасауға үлкен қызығушылықпен және шығармашылық көзқараспен қарады. Байқауға 10-13 жас аралығындағы 151 оқушы қатысты.

       Әр түрлі сәндік-қолданбалы техникада жасалған өте әсерлі ойыншықтар мектеп фойесін безендірді. Олардың ішінде моншақтармен және жіптермен кестеленіп мақта мен матадан жасалған 57 - ден астам жұмсақ ойыншықтар, сондай-ақ паеткалармен безендіріліп қағаз және фетрден жасалған қар ұшқындары, пластикалық бөтелкелер мен жіптерден жасалған шыршалар, полимерлі балшықтан жасалған үйлер мен жаңа жылдық планкеткалар сияқты композициялар да бар.

        30 жас өнер шеберлерінің үздік жұмыстары мектеп дипломдары мен сыйлықтарымен марапатталды. I орынды фетрмен мақтадан жасалған және түрлі - түсті жіптерден тігілген «Гарри Поттер» қуыршағы үшін Ясмина Левадная, 13 жаста, (ұстазы Шамиль Ракымбекович Шушаев), II орынды полимерлік саз және жіптен жасалған «Жаңа жыл жарығы» сувенирі үшін Василиса Скопич, 11 жаста, (ұстазы Татьяна Васильевна Ахметжанова), полимерлі саз және гипстен жасалған «Аққала» сувенирі үшін Елизавета Шишкина, 11 жаста, (жетекшісі Анна Валерьевна Аткина), III орынды «Тігу және кестелеу» техникасында орындалған «Жаңа жылдық гирлянда» сувенирі үшін  Каролина Прокашева, 11 жаста, мата және бисерден жасалған «Қар ұшқыны» сувенирі үшін Арина Чертенко, 12 жаста, (ұстазы Шамиль Ракымбекович Шушаев) жеңіп алды. 27 оқушы кестелеу, тігу, саздан мүсіндеу, «жіптерді орау» техникасында - гирляндалар, қар ұшқыны–ойыншығы, періште-қуыршақтар сияқты орындаған үздік оргиналды жұмыстары үшін тәтті сыйлықтармен марапатталды.

      - Оқушылардың жұмыстары бойынша олардың өзін - өзі тануы, өздерінің белгілі бір композицияларын жасаудағы қиялдары мен креативті шығармашылық көзқарастары байқалады, - деп атап өтті мектеп директоры Ляйля Мукарамовна Магзамова.