Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Мата жұмыстарының көрмесі
02-03-2022 10:57
Мата жұмыстарының көрмесі

18 ақпан - 5 наурыз аралығында Балалар көркемсурет мектебінде «Жібектегі көркем қиялдар» атты батик бойынша оқушылар жұмыстарының көрмесі өтуде. Көрмеге бірнеше жыл бойы сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында орындалған 13-14 жастағы балалардың жұмыстары кірді. Көрменің мақсаты-көрермендерді балалар шығармашылығындағы батикпен таныстыру.

Батикке сурет салу дегеніміз - 13-14 ғасырларда бастамасын Индонезиядан алған және балауыз деп аталатын сәндік әдістердің бірі. Батиктің бірнеше түрі бар – «ыстық», «суық», «еркін өрнек». Олар матаны сақтау әдісімен ерекшеленеді. Байланған және бұралған матаны бояу да батиктің бір түріне жатады.

Жұмыстар көрермендерді өзінің әсемдігімен, әдемі түстердің үйлесімімен, қияли сызықтары мен өрнектерімен таң қалдырады. Виктория Савченконың «Жазғы бейне», ұстазы Светлана Евгеньевна Рейн, Ангелина Савчуктың «Таң және түн», жетекшісі Елена Ивановна Дистель, Софья Гульванскаяның «Дала әшекейі» сияқты, жетекшісі Лариса Алексеевна Кузнецова, пейзаждық жұмыстар түрлердің реңктері мен сұлулығымен көз тартады. Даниил Решетовтың «Дастархан» және Алима Садвокасованың «Гүлдер» натюрморттары пайетка мен моншақтар сияқты әшекейлер қолдана отырып жасалған, сондай-ақ түрлі-түсті контурмен безендірілген. Нәзіктік пен айқындық әсері Александра Коваленконың суық батиктен орындаған «Су астындағы әлем» жұмысынан туындайды.

Мектептегі «Батик өрнегі» техникасын мектептің барлық мұғалімдері біледі және ол негізінен 2-3 сыныптарда оқытылады. Оқушылар батик сайыстарына сәтті қатысады. Мысалы, 2019 жылы Даша Неяскина, 2017 жылы Алина Николаева батик бойынша Санкт-Петербург қаласында өткен «Невская палитра» халықаралық шығармашылық жұмыстар байқауында 1-орынды иеленді, - дейді мектеп басшысының орынбасары Гульнар Мергалимовна.

 

Выставка работ по