Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Э.М.Юрьев атындағы сыйлыққа балалар суретінің халықаралық байқауы
11-04-2022 20:08
Э.М.Юрьев атындағы сыйлыққа балалар суретінің халықаралық байқауы
Чебоксары қаласында Э.М.Юрьев атындағы жүлдеге арналған халықаралық балалар суреттері байқауы 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың наурызына дейін өтті. «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша бірыңғай тақырып – «Біз өмір сүретін әлем». Байқаудың ұйымдастырушылары: "Э.М.Юрьев атындағы № 4 Чебоксар балалар көркемсурет мектебі" БМҚББҰ.
Биыл байқау Чувашияның халық суретшісі Элли Михайлович Юрьевтің туғанына 85 жыл толуына арналған. Ал байқаудың ұраны – «Жақсылық жасауға асығыңыз!». Сонымен қатар, байқауға Ресей, Қазақстан, Белоруссия және басқа елдерден 700-ден астам қатысушылар қатысты, олардың ішінде Павлодар қаласының көркемсурет мектебінің 50 қатысушысы бар. Павлодар қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының 4 оқушысы байқау жеңімпаздары атанды: 8 жастағы Серікова Жансая, фломастермен жасалған «Сүйікті Павлодар», 13 жастағы Гоголь Вероника түрлі-түсті қарындаштармен жасалған «Ғажайып Шығыс қаласы» жұмыстары үшін Сидоренко Оксана Валерьевнаның жетекшілігімен III дәрежелі лауреаттар атанды. Сонымен бірге, 14 жастағы Варламова Мария монотипті жасалған «Жол» жұмысы үшін, жетекшісі Рейн Светлана Евгеньевна, байқаудың дипломанты атанды.
Байқауға қатысушылардың үздік жұмыстары 26 наурызда Чебоксары мекенжайы бойынша Чуваш мемлекеттік өнер мұражайында ашылған үздік жұмыстардың қорытынды көрмесіне қатысып, жұмыстар каталогына енді.
Мұндай байқаулар оқушылар мен ұстаздардың шеберлігінің өсіп, шыңдалуына маңызы зор. Біз жаңа нәрселерді үйреніп, тәжірибемізбен бөлісуге өте қуаныштымыз.