Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Көркемсурет мектебі ұстазының шығармашылық көрмесіндегі Туған жер
14-04-2022 14:30
Көркемсурет мектебі ұстазының шығармашылық көрмесіндегі  Туған жер

       Павлодар облыстық көркемсурет мұражайының экспозициялық залында қала тұрғындарының назарына павлодарлық суретші, Павлодар қаласы көркемсурет мектебінің ұстазы Дамир Серикович Смыковтың «Менің шығармашылығымдағы Туған жер» атты жеке көрмесі ұсынылды.Айта кету керек, бұл оның алғашқы көрмесі емес. Ол 2021 жылдың қараша айында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында көрермендер назарына өзінің 30 жұмысын ұсынды.

     Көрмеде автор «Мұра сандығы», «Торайғыровтың көрінісі», «Ескі қала», «Аударыспақ», «Туған өлке», «Күз» атты 22 кескіндеме және графика туындылары, «Батырлар жыры» эпосынан үзінділері, сондай-ақ май және акрилмен кенепте орындалған абстрактілі кескіндеме стилінде жасалған бірнеше жұмыстары ұсынылды.Өз картиналарында суретші өз еліне деген үлкен сүйіспеншілігін білдіріп, қазақ халқының салт-дәстүрін бейнелейді.Натюрморттары оның әртүрлі түстердің реңктерін шебер жеткізе алатындығын көрсетеді.Суретшінің туындылары ішкі бейнелілікке толы және өзіндік түсіндірмеде ұсынылған.Аралас техника мен әртүрлі материалдарды пайдалану оған әр түрлі коллаждар жасауға мүмкіндік береді.

     Өзінің еңбек жолын 2011 жылы Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде бастады, осы мектептің 2007 жылғы түлегі болып табылады.Мектепте композиция, сурет, кескіндеме, мүсін пәндерін жүргізеді.10 жыл ішінде 100-ге жуық оқушыны даярлап шығарды, солардың ішінде Николай Гумилев атындағы университеттің сәулет-құрылыс факультетіне оқуға түскен Аида Амирова, ал Жансая Муканова Тәңірберген Жүргенев атындағы өнер академиясында «Монументалды кескіндеме» мамандығы бойынша білім алуда.Оның көптеген шәкірттері дизайнер, сәулетші болып жұмыс істейді, мысалы, Інжу Курманғалиева Нұр-сұлтан қаласында сәулетші болып жұмыс істейді.