Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
XII республикалық «Құс жолы» экологиялық байқауы
16-04-2022 09:05
XII республикалық «Құс жолы» экологиялық байқауы

Ақсу қаласы Балалар өнер мектебі - ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен XII республикалық «Құс жолы» экологиялық байқауына Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының 13 оқушысы қатысты.Байқаудың мақсаты-оқушылардың назарын біздің қанатты достарымызға ұқыпты қарауға аудару.

       Анастасия Мұстафаева, 13 жаста, «Қамқорлық» жұмысы үшін, картонография, жетекшісі Шамиль Ракымбекович Шушаев, Иван Харин, 8 жаста, «Қанатты достар» жұмысы үшін, гуашь, жетекшісі Наталия Владимировна Решетова, Полина Ковалева, 8 жаста, «Менің қанатты достарым» жұмысы үшін, аралас техника, жетекшісі Гульнар Мергалимовна Мухаметкалина, Арина Саяпина, 8 жаста, «Құстар әлемі» суреті үшін, аралас техника, Саяпина Полина, 9 жаста, аралас техникадағы «Қарлығаш» суреті үшін, Ева Романчева, 8 жаста, «Құстар –біздің достарымыз», гуашь техникасы, жетекшісі Оксана Валерьевна Сидоренко, байқау дипломанттары атанды.

     Байқау жүлдегерлері Виктория Рощупкина, 6 жаста, ол аралас техникада орындаған «Балалар мен құстар» жұмысы үшін 2 орынға ие болды, жетекшісі Гульнар Мергалимовна Мухаметкалина, Амир Ибрагимов, 5 жаста, гуашь техникасындағы «Құстар үйі» жұмысы үшін 3 орын алды, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова.

    «Балалар құстарды бақылап, тамақтандырып және олардың суретін салғанды ұнатады. Сондықтан Виктория мен Амир бұл суреттерді үлкен сүйіспеншілікпен және қуанышпен салды. Амир өнер студиясында 2 жыл қатарынан шұғылданып келеді, ал Виктория 2021 жылдың қыркүйегінен бастап. Екі бала да шығармашылыққа үлкен қызығушылық танытады», - дейді мектетің оқу ісінен меңгерушісі Инна Владиславовна Масленникова