Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
“THE PLANET OF ART 2022” Халықаралық фестивальдің аймақтық туры
09-05-2022 14:52
“THE PLANET OF ART 2022” Халықаралық фестивальдің аймақтық туры
   2022 жылғы 5 мамырда Павлодар қаласындағы Балалар музыка мектебінде (Қамзин ,78 құрылымдық бөлімшесі) Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының Еуразиялық тобымен (ERG компаниясы) бірлескен бастама «THE PLANET OF ART 2022» халықаралық фестивалінің аймақтық турын өткізді.
Өңірлік іріктеу кезеңінің ұйымдастырушылары Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы, Павлодар облысы білім беру басқармасы, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің Балалар музыка мектебі - ЮНЕСКО клубының Камзина, 78 мекен жайындағы құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Павлодар облысының 12 мен 18 жас аралығындағы (қоса алғанда) жеке орындаушылары, вокалдық, аспаптық және хореографиялық номинациялар бойынша жалпы білім беретін мектептерінің, өнер мектептері, музыка мектептері мен колледж студенттерінің 50-ден астам қатысушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Аймақтық іріктеу кезеңінің нәтижесінде вокалдық, аспаптық және хореографиялық номинациялар бойынша «The Planet of ART 2022» халықаралық фестивалінде Қазақстанның атынан қатысатын финалистер таңдалды. Нәтижелер 2022 жылдың 30 мамырында әлеуметтік желілерде, ұйымдастырушылар мен жоба серіктестерінің веб-сайттарында, сондай-ақ тіркеу кезінде сауалнамада және өтінімде көрсетілген мекенжайлардың поштасына жіберу арқылы жарияланады.
"The Planet of ART 2022" Халықаралық фестивалі дарынды жас орындаушыларды анықтауға және қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға және фестивальге қатысушы елдердің балалары арасындағы достық байланыстарды нығайту арқылы мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетуге бағытталған.
Іс-шара ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының 75 жылдығын мерекелеу аясында, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ мен ЮНЕСКО-ға кіруінің 30 жылдығына, Қазақстандағы балалар жылына арналған.
Фестиваль қатысушылары Қазақстанның жетекші өнер қайраткерлерімен шеберлік оқытулар мен сабақтарына, бейбітшілік пен толеранттылық мәдениеті бойынша тақырыптық семинарларға қатысуға, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы Фестивальдің қорытынды гала-концерті аясында, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының камералық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.