Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қалалық «Экомода» байқауы
21-06-2022 10:12
Қалалық «Экомода» байқауы

       17 маусым күні қалалық саябақта, қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінің мектеп жанындағы лагерь оқушылары арасында «Экомода» байқауы өтті. Оған қаланың 18 мектебінен 45 қатысушы ат салысты. Байқау шарты бойынша қатысушылар қолда бар тастанды материалдардан әдемі сәнді киімдерді ұсынуы керек еді. Балаларды жер экологиясы туралы ойлануға, қажетсіз пластик немесе полиэтилен бұйымдарын қалай пайдалануға, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға бағыттау –  осы шараның бір мақсаты болып табылады.

        Пластикалық стакандардан жасалған көйлек, компьютерлік дискілерден жасалған юбка, пластик пакеттерден жасалған костюм – сияқты киімдерді балалар өздері ойлап тапты. Бай фантазия мен ерекше ақыл оқушылар мен мұғалімдерге байқауға дайындалуға көп көмектесті. Байқау екінші жыл өткізілуде, биылғы байқаудың ерекшелігі – балалар костюмдеріне сәнді аксессуарлардың қосуы еді.

        «Аксессуарлар әрқашан киімді толықтырады, оларға ерекше мән береді, біз қазіргі таңда аксессуарларсыз амалдай алмаймыз. Және балалар берілген тапсырманы өте жақсы орыдады: олар танамоншақ пен әртүрлі зергерлік бұйымдарды, тоқылған сөмкелер мен себеттерді, полиэтилен белбеулерін, қағаз қалпақтарды және тағы басқаларды ұсынды. Ең бастысы, балалар өздерінің ұстаздарымен бірге ми мен қолды жұмыс істеуге мәжбүр етті, олар экологиялық проблемаларға бей - жай қарамайды", - дейді қазылар алқасының мүшесі Светлана Владимировна Кравченко.

          Қазылар алқасы жүлделерді 2 жас категориясы бойынша бөлді: 7 жастан 9 жасқа дейін, 10 жастан 16 жасқа дейін

      1 орынды - Рамина Бурцева, №28 ЖОМ, Дарина Кокенова, №29 ЖОМ, 2 орынды - Илана Полущенко, №21 ЖОМ, Мирсана Кудайкулова, №7 ЖОМ, 3 орынды - Томирис Мустафина, №39 ЖОМ, Мария Тургенева, №43 ЖОМ, иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.