4 шілдеде Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде Елорда күніне арналған «Гүлден, Астана» атты іс-шара өтті. Бұл шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Іс-шара жарқын және тартысты өтті. Шараға қаланың N 7, 11, 28, 34 орта мектептерінің мектеп жанындағы лагерь оқушылары қатысты.
Іс-шара аясында мектеп жанынан Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ асфальтқа сурет салу байқауы өтті, байқаудың тақырыбы «Менің Астанам» болды. Балалар көркемсурет мектебінің мұғалімі Анжелика Николаевна Бамбуляк балаларға фломастер мен акварель бояуларын қолдану арқылы ашық аспан астында шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағында балалардың жасаған жұмыстары өте әдемі болып шықты. Балалар жарқын әсерге бөленіп, мерекеге өте риза болды.