Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Облыс ұстаздары көркемдік бағыт секциясында
17-08-2022 10:56
Облыс ұстаздары көркемдік бағыт секциясында

        15 тамызда Балалар көркемсуретмектебінде қосымша білім беру бойынша облыстық тамыз педагогикалық конференциясының көркемдік бағыт секциясының жұмысы өтті.

        Пленарлық бөлімде қатысушылар Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінің қосымша білім беру ұстазы  Ляйля  Мукарамовна Магзамовның «Шығармашыл тулғаны оқыту мен тарбиелеу процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану / Использование информационных технологий в процессе обучения и воспитания творческой личности»және Валентина Петровна Степанконың «Сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында оқушылардың конструктивті/кеңістікті ойлау дағдыларын дамыту», сонымен қатар Ақсу қаласының БӨМ-нің қосымша білім беру мұғалімі Оксана Григорьевна Акименконың «БӨМ-гі бейнелеу өнері сабақтарындағы компьютерлік графика» тақырыбындағы 3 баяндама тыңдалды.

       Тәжірибелік бөлімде конференцияға қатысушылар өздерін оқушылар ретінде сынап көрді: олар, Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің мұғалімдері: Андрей Петрович Солоденконың кескіндеменің «Колористика. Акварельдегі қарапайым және негізгі түстер», Светлана Евгеньевна Рейннің сәндік-қолданбалы өнер бойынша «Сәндік-қолданбалы қолданбалы өнер сабақтарында дәстүрлі емес әдістерді қолданудағы инновациялық көзқарас» тақырыбында және Екібастұз қаласы БКМ ұстазы  Ольга Владимировна Астапенконың «Үкі» коллажын жасау бойынша шеберлік сыныптарына қатысты.