2022 жылдың 2 қазанында Балалар көркемсурет мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Менің елім, менің жерім» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Павлодар облысы Суретшілер одағының төрағасы, суретші Осербай Аманжолович Шуранов, сондай-ақ Қазақстан Республикасы көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі, оқу ісінің үздігі Ерсин Каскиевич Такирбасов құттықтау сөз сөйледі. Шара бойы Камзина -78 дегі Балалар музыка мектебінің оқушылары Құрмағазының күйлері мен ұлттық әндер орындады.
«Әрбір сурет белгілі бір дәрежеде еліміз туралы, адамдар туралы, халқымыздың табиғаты, тарихы мен мәдениеті туралы әңгімелейді. Өте терең және әсерлі жұмыстар», - деп суретші Алексей Балин көрмеден алған әсерін жеткізеді.
Жұмыстар экспозициясы 30 жұмыстан тұрады. Жұмыс авторлары:мектепті биыл бітіруші сынып оқушылары. Көрмеде балалардың түрлі техникадағы жұмыстары қойылды. Давид Смолин өз жұмысын декоративті графика техникасында маркерлер мен гельді қаламдармен орындады. Анна Моторная мен Варвара Шайхутдинова өз жұмыстарында түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланды. Тоғжан Дүйсебаева «Отбасым» атты шығармасында акрил бояуларымен өз отбасын бейнелеген.
«Дәстүрлі емес материалдардан көлемді пластикалық техникада жасалған жұмыстар өте қызықты. Көлемді пішінді жасау үшін оқушылар гофрокартон, фольга, сым, қағаз сүлгілер және ПВА желімі сияқты қарапайым материалдарды, ал безендіру үшін акрил бояуларын, сымдарды, түрлі – түсті жіптерді қолданды. Дәстүрлі қазақ ою - өрнегінің пластикасын пайдалана отырып, күнделікті тұрмыс заттарын, пейзаж және сәулет элементтерін сәндей отырып, жас суретшілер тарихи сюжеттерді заманауи өнер туындыларына айналдыра отырып, қазіргі заманғы көзқарас призмасы арқылы ұлттық мотивтерді бейнеледі", - дейді Светлана Евгеньевна.