Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Балалардың конкурстық жұмыстарындағы Қазақстан туралы суреттер
22-10-2022 15:39
Балалардың конкурстық жұмыстарындағы Қазақстан туралы суреттер

           22 қазан күні Балалар көркемсурет мектебінде Республика күніне орай ұйымдастырылған қаламектептері оқушыларының арасындағы «Менің Қазақстаным»бейнелеу өнері байқауының  марапаттау рәсімі өтті.   Павлодар қаласыныңбілімберу бөлімінің бастамасымен  ұйымдастырған бұл іс-шара өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен өнерін сақтау рухына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне құрмет рухына тәрбиелеуге негізделген.

           Сайысқа Павлодар қаласының 17 мектебінен 100-ге жуық оқушы қатысты. Солардың ішінде№43 ЖОМ ;  №9 ЖОМ, К.Бекхожин ат. ЖОМ, №36 ЖОМ; №14 ЖОМ; №6 ЖОМ; №2 ЖОМ;  №34 ЖОМ;  №40 ЖОМ; №41 ЖОМ;  №24 ЖОМ; Жетекші ауылының ЖОМ; №11 ЖОМ; №29 ЖОМ: №16 лицей -мектебі; №39 ЖОМ; «Солнышко» дамыту орталығы.

        Әділқазылар алқасы, суретші Сисенғали Тленбаевтың төрағалық етуімен  сайыстың 3 жас категориясы бойынша 3 жеңімпаз және 6 жүлделі орынды анықтады: 1) 7 жастан 9 жасқа дейін; 2) 10 жастан 13 жасқа дейін; 3) 14 пен 17 жас аралығында.

      Байқауда келесі оқушылар жеңімпаз атанды: Нурсая Сагнаева, 9 жас, №41 ЖОМ, ұстазы Асель Бекжигитовна Бейсеева, Айару Бәкен, 11 жас, Қ.Бекхожин атындағы ЖОМ, ұстазы Гүлсім Айтмухамбетовна Бектасова, Дарья Богомолова, 17 жас, №14 ЖОМ, ұстазы Людмила Викторовна Иваненко.

       2 орын келесі оқушыларға бұйырды: Варвара Цыганко, 9 жас, №34 ЖОМ, Васелина Столярова, 13 жас, №36 ЖОМ, Римма Сидоренко, 15 жас, №41 ЖОМ.

      3 орынды дипломдармен келесі жас өнерпаздар марапатталды: Еркежан Ержанова, 7 жас, №11 ЖОМ, Абылайхан Жақсылықұлы, 10 жас, Камила Валиханова, 15 жас, №24 ЖОМ.