«Алтын қазына» облыстық сәндік-қолданбалы өнер байқауының қорытындысы бойынша Павлодар қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Карина Төлегенова, 15 жаста, Астана қаласында өткен республикалық турға қатысты. Павлодарлық қатысушы «Текстиль» номинациясы бойынша «Әлем кубогы» жұмысын ұсынды.
Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша Карина I орынға ие болды. Ол өз жұмысын табиғи жылы реңктегі - ақшыл және қоңыр түстегі жұқа киіз бастырмасы техникасында орындады. Оның шығармашылық жұмысына ұлттық дәстүрлерді, қазақ халқының қолданбалы өнері мен мәдениетінің құндылықтарын бейнелейтін ұлттық ою-өрнектердің композициялары енгізілді.
- Карина мектебімізде 2015 жылдан бері шұғылданады. Ол өзінің еңбекқорлығымен және шығармашылық жұмыстарының тереңдігімен ерекшеленеді. Оқу барысында ол, 2016 жылы Санкт-Петербург қаласында батик бойынша өткен «Невская палитра», 2018 жылы Марокко қаласындағы «Балалар әлемді бейнелейді. Ислам елдері», 2021 жылы Новосибирск қ. «Палитра» байқауы сияқты халықаралық және республикалық байқауларда жеңімпаз атанды, - дейді қыздың педагогы Анжелика Николаевна Бамбуляк.
Оның сүйікті әдістерінің бірі - акварельмен сурет салу. Ол тәжірибе жасауды, әртүрлі материалдармен жұмыс істеуді, олардың мүмкіндіктері мен қасиеттерін зерттеуді ұнатады. Педагог Анжела Николаевна Бамбуляктың үлкен тәжірибесі мен таланты Каринаға мектепте білім алу кезінде академиялық дағдыларды, жаңа әдемі және сәндік туындылар үшін шығармашылық әлеуетті алуға мүмкіндік берді.