Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Балалардың байқаудағы суреттеріндегі отбасымен спорт және саяхат
07-11-2022 11:16
Балалардың байқаудағы суреттеріндегі отбасымен спорт және саяхат

   Қазан айында өткен ХХІ облыстық балалар бейнелеу өнерінің «Ақ бота» байқауына Павлодар қаласы мен Павлодар облысының 55 жалпы білім беретін мектептері мен мектептен тыс білім беру мекемелерінен 299 оқушы қатысты. Байқау Павлодар облысы облыстық білім басқармасының қолдауымен өтті. Биылғы жылы байқауға қатысушылар «Бүкіл отбасымен саяхаттау», «Әрдайым спортпен бірге» тақырыптарында сурет салды. Сайыстың мақсаты – балалардың отбасымен бірге уақыт өткізудің, салауатты өмір салтын ұстанудың, белсенді демалыстың құндылығы туралы түсініктерін қалыптастыру.

   - Балалар байқау міндеттерін өте жақсы орындады, отбасымен саяхаттау, туристік жорықтар, саңырауқұлақтар, жидектер, тауларда, теңізде, өзенде, көлде, орманда жылдың әр мезгілінде белсенді демалу, балық аулау, суда жүзу, тау шаңғысы көріністері туралы композициялар салды. Әсіресе спорттық тақырыптағы суреттер әр түрлі болды. Балалардың спортты жақсы көретіні анық, - дейді суретші Светлана Кравченко.

    Суретші Ерсин Каскиевич Такирбасовтың төрағалық етуімен қазылар алқасы «Ынталандыру орны» номинациясы бойынша 19 жүлделі орын, 27 дипломант анықтады.

     Бас жүлде Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, Айым Бейсенбайға, 12 жаста, аралас техникадағы «Волейбол» жұмысы үшін берілді, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова.

     1 орынды жалпы білім беретін мектептердің оқушылары иеленді: Павлодар қаласы №37 – Айғаным Қуандық, 8 жас, аралас техникадағы «Саяхат» жұмысы үшін, жетекшісі Адамбаева Әсемгүл Маратқызы, Екібастұз қаласы №26 мектеп гимназиясы – Назым Сүлейменова, 13 жаста, «фломастерлер» техникасындағы «Балалық әлем менің көзіммен» шығармасы үшін, жетекшісі Әліппи Нұргүл Қосманқызы, Павлодар қаласы, №1 мектеп оқушысы Даяна Қырықбес, 14 жаста, аралас техникадағы «Отбасыммен бірге өткен саяхатым» жұмысы үшін, жетекшісі Сүлеймен Нұрбибиу Нұрланқызы және Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілері - Айсана Садықов, 7 жаста, «Мәнерлеп сырғанау чемпиондары» жұмысы үшін, жетекшісі Магзамова Ляйля Мукарамовна, Ақсу қ. БӨМ – Анастасия Зеленкевич, 12 жаста, гуашь техникасы бойынша орындаған «Баянауылға саяхат, бақсы шатқалы» суреті үшін, жетекшісі Сергеева Жанна Жастлековна, Жаяу Мұса ат. БӨМ - Қымбат Мүбарак, 15 жаста, гуашь техникасындағы «Қуаныш. Жаз» жұмыс үшін, жетекшісі Жарова Дарья Дайырбекқызы.

    2-орынға диплом алған оқушылар: №41 ЖОПМ – Сагнаева Нұрсая, 9 жаста, жетекшісі Бейсеева Асель Бекжігітқызы, «Жігер» БЖК – Шурыгина Вероника, 8 жаста, жетекшісі Серенкова Анастасия Николаевна, Қалижан Бекхожин ат. ЖОМ - Бәкен Айару, 11 жаста, жетекшісі Бектасова Гүлсім Айтмұхамбетқызы, Екібастұз қ. БКМ – Бобб Виктория, 11 жаста, жетекшісі Рахметов Азамат Даулетбекұлы, №30 ЖОМ - Садуова Мадина, 14 жаста, Алыпкашева Шынар  Шерииздановна, Железин ауылындағы БӨМ - Сагнаева Анель, 13 жаста, жетекшісі Бадеева Татьяна Геннадьевна.

    3-ші жүлделі орын келесі орта мектеп оқушыларына берілді: Б.Момышұлы ат. ЖОМ - Әубәкірова Анель, 11 жаста, жетекшісі Жампеисов Жанабай Кисыкович, №16 мектеп - лицей-Юстус Полина, 9 жаста, жетекшісі Алимова Мадина Консулловна, Май ауданынеың Б. Жылқыбаев ат. БӨМ - Шакирова Инжу, 9 жаста, жетекшісі Әсенова Мадина Маратқызы, Павлодар қ. БКМ - Зеленцова Татьяна, 13 жаста, жетекшісі Ловина-Самошкина Александра Станиславовна, №39 ЖОББМ - Скиба София,16 жаста, жетекшісі Вотчинникова Татьяна Юнусовна, Ақсу қ. БӨМ - Болатбекова Алтынбек, 13 жаста, жетекшісі Ольховская Светлана Михайловна.

      – Жыл сайынғы «Ақ бота» байқауы ұстаздар қауымының да, балалардың да сүйіспеншілігіне бөленді, – дейді Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің басшысы Магзамова Ляйля Мукарамовна. – Жыл өткен сайын қатысушылар көбейіп, балалардың жұмысының сапасы артып келеді. Байқау бейнелеу өнеріне қызығатын балалар мен олардың жетекшілері арасында танымал болуда.

      Жұмыстарындағы өзіндік ерекшелігі үшін дипломдармен: Нұрғазин Тамерлан, 7 жаста, Кромер Кира, 11 жаста, №14 ЖОББМ,Тулешева Аяулым, 11 жаста, №5 ЖОББМ, Тимофеева Кристина, 7 жаста, №43 ЖОББМ, Полицанова Кристина, 11 жаста, №6 ЖОББМ, Амельченко Кристина, 14 жаста, №17ЖОББМ, Сәкенқызы Назерке, 9 жас, №40 ЖОББМ, Кравченко Сергей, 7 жас, № 32 ЖОББМ, Воробьева Полина, 9 жас, №28 ЖОББМ, Сиязова Ясмин, 11 жас, №11 ОМ, Амангелді Ажар, 8 жас, №35 ЖОББМ, Қайырбек Аяжан, 11 жас, Ы. Алтынсарин ат. қазақ гимназия интернаты, Соколовская Валерия, 13 жаста, №9 ЖОББМ, Серікжан Динара, 11 жаста, Қараоба ЖОББМ, Тогтал Іңқар, 9 жаста, Ақсу қаласының балалар шығармашылығы үйі, Жетекші ЖОББМ Бобылев Максим, 12 жаста, Каменский Анастасия, 9 жаста, Исабаева Анель, 8 жаста, Мельникова Ксения,10 жаста, Щеткин Мирон, Кислинская Юлия, 8 жас, Тоқтар Қызғалдақ, 12 жас, Салимова Әйгерім, 8 жас, Асқарова Саида, 12 жас, Павлодар қ. БКМ, Тілектес Нұрай, 9 жас, Аққулы ауданы БӨМ, Асқарқызы Дарья, 10 жас, №33 ЖОББМ, Клюшина Анастасия,10 жас, № 27 ЖОББМ.