Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Сиқырлы бояулар әлемінде» халықаралық қашықтықтан өткен байқау
14-11-2022 09:20
 «Сиқырлы бояулар әлемінде» халықаралық қашықтықтан өткен байқау
         2022 жылдың қазан айында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының 29 оқушысы Астана қаласында Балалар жылы және Қазақстан Республикасы күніне арналған «Сиқырлы бояулар әлемінде» халықаралық қашықтықтан өткен байқауға қатысты. Байқауды Астанадағы №2 өнер мектебі – ЮНЕСКО клубы ұйымдастырып отыр. Байқауға Қазақстанның әртүрлі қалалары мен елді мекендерінен барлығы 366 бала қатысты.
       Анастасия Григораш, 13 жаста, «Қазақ даласының әуендері» аралас техникада орындаған жұмысы үшін 1 орын алды. Нургалиева Индира, 14 жаста, аралас техникадағы «Замандардың тоғысуы» жұмысы үшін 2 орынға ие болды. «Анастасия Григораш өте жоғары шығармашылық қабілетке ие қыз бала, ол өзінің әр жұмысына жанын салады. Жазда ЮНЕСКО қамқорлығымен Республикалық пленэр-шеберлік сыныбына қатысты. Байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, мектептің түрлі жобаларына белсенді қатысады. 2022 жылдың қыркүйек айында Анастасия «The Planet   of Art» халықаралық байқауының республикалық турының финалисті, 2021 жылы «Қызыл кітап балалардың көзімен» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Индира Нургалиева республикалық байқауда жеңіске жетті», - оқушылардың жетекшісі қосымша білім беру педагогы Светлана Евгеньевна Рейн болып табылады.