Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жас суретшілер сәулет және құрылыс туралы сурет салады
15-12-2022 12:11
Жас суретшілер сәулет және құрылыс туралы сурет салады
2022 жылдың қазан айында Волгоград қаласында «Әлем, өзім туралы. Адамзаттың құрылуы» балалар шығармашылығының халықаралық байқауы өтті. Байқау шарты бойынша қатысушылар сәулет және құрылыс, дүниежүзінің тарихы мен сәулет ескерткіштері бойынша жұмыстарын ұсынуы тиіс болатын. Байқауға Павлодар  қаласының балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының 49 оқушысы өз жұмыстарын жолдады.
Байқау қорытындысы бойынша желтоқсан айында мектептің 5 оқушысы дипломант атанды. Бұл,Мария Гегель, 10 жаста,«фломастер» техникасындағы «Шығыс сарайы» жұмысымен, Антонина Демченко, 13 жаста, фломастер техникасындағы «Британдық сәулетші Норман Фостер» жұмысы үшін, Кирилл Кестель, 14 жаста, гуашь техникасындағы «Ескі қамал» жұмысымен, Ясмина Левадная, «Санкт-Петербург. Екатерина сарайы» графика техникасы, ЮлияЛюсова, 14 жаста,гуашь техникасы бойынша «Алматы. Арқан жолы» жұмысы үшін, Роман Осипов, 13 жаста, аралас техникадағы «Индустрияландыру» жұмысымен.Дипломанттардың педагогтары Алтын Бауыржановна Атеева, Шамиль Ракымбекович Шушаев, Лариса Алексеевна Кузнецова, Ольга Ивановна Ловина, Светлана  Евгеньевна Рейн.