Тәуелсіздік күніне арналған балалар көрмесі
2022 жылғы 15 желтоқсанда Павлодар қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінде Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдене бер, Республикам, гүлден, Қазақстаным!» атты мектеп оқушылары жұмыстарының көрмесінің ашылуы өтті.
Көрмеге мектеп оқушыларының 50-ге жуық жұмыстары қойылды. Солардың ішінде киіз басу техникасы бойынша 11 жұмыс және графика техникасындағы 39 сурет. Барлық жұмыстар туған жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтанышқа толы.
Мерекелік шараның құрметті қонағы атақты суретші, Қазақстан Республикасы көркемсурет Академиясының академигі Осербай Аманжолұлы Шуранов және мектебіміздің ұстазы, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Алтын Ибраевна Қисамиденова құттықтау сөз сөйледі. Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары: Маргарита Лукьяненко мен Жунусова Адия Қазақстан туралы өлеңдерін жатқа оқыды.