Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Облыстық көркемсурет байқауындағы бас жүлде
21-12-2022 08:07
Облыстық көркемсурет байқауындағы бас жүлде

Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» облыстық бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер байқауына өздерінің 13 жұмысын ұсынды.Байқауға көркемсурет мектебі, өнер мектептері, жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары, колледждердің, Павлодар педагогикалық университетінің студенттері қатысты.

           Павлодар педагогикалық университетінде өткен байқаудың қорытындысы бойынша көркемсурет мектебінің екі қатысушысы жеңімпаз, төртеуі дипломант атанды.

           Кенеп, майлы бояу техникасындағы «Жасыбай көліндегі кеш» жұмысы үшін бас жүлдені Камила Касымбекова,15 жаста, иеленді, педагогы Алтын Ибраевна Кисамиденова.

          Аралас техникада орындалған көлемді коллаж «Қажы Ахмет Яссауи кесенесі» жұмысы үшін II орынды Яна Родкина, 15 жаста, иеленді, Рейн Светлана Евгеньевна.

          Карина Шакенева, 16 жаста, «Қысқы Ертіс» жұмысы үшін, Дана Кунязова, 15 жаста, кенепте акрилмен орындаған «Оқжетпестің керемет жартасы» жұмысы үшін, Дарига Бакиева, 16 жаста, «Қалыңдық» жұмысы үшін, Аружан Қаби, 16 жаста, кенепте, маймен орындаған «Балалық шақ» жұмысы үшін байқаудың дипломанттары атанды. Педагогтартары Анна Валерьевна Аткина, Лариса Алексеевна Кузнецова, Татьяна Васильевна Ахметжанова.